$ 542.03  627.29  6.66
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Тоқаев БАӘ-нің энергетика министрін қабылдады

Мәртебелі қонақ Астана халықаралық форумына келген

Тоқаев БАӘ-нің энергетика министрін қабылдады
Фото: Ақорда

Астана халықаралық форумының алаңында Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктерінің Энергетика және инфрақұрылым министрі Сухейл әл-Мазуримен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұған дейінгі келіссөздердің құны – 5 млрд доллар

Ақорданың мәліметінше, президент Абу Дабидің Тақ мұрагері Халед бен Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен Астанадағы кездесуін ықыласпен еске алған. Оның аясында нәтижелі келіссөздер жүргізіліп, жалпы құны 5 миллиард долларды құрайтын 20-дан астам коммерциялық келісімге қол қойылды.

Сухейл әл-Мазури Қазақстан тарапына алғыс айтты

Сухейл әл-Мазури Астана халықаралық форумының жоғары деңгейде өткенін атап өтіп, қонақжайлық танытқаны үшін Қазақстан тарапына алғыс айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сухейл әл-Мазури жоғары деңгейде жасалған уағдаластықтарды жүзеге асырудың нақты жолдарын, соның ішінде екіжақты тауар айналымын 1 миллиард долларға дейін ұлғайту бастамасын талқылады. Министрдің айтуынша, Әмірліктер Абу Даби Тақ мұрагерінің Қазақстанға сапары кезінде қол қойылған келісімдерді орындауға белсене кірісіп кеткен.

Кездесу барысында энергетика, ауыл шаруашылығы және көлік салаларындағы ықпалдастықтың өзекті мәселелері қарастырылды.

Серіктес жаңалықтары