$ 540.87  632.01  6.76
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Тоқаев Мажарстан премьер-министрімен не туралы сөйлесті

Қазір екі ел16 бірлескен инвестициялық жобаны жүзеге асырып жатыр

Тоқаев Мажарстан премьер-министрімен не туралы сөйлесті
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мажарстан премьер-министрі Виктор Орбанмен келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Мажарстан 370 млн доллар инвестиция құйды

Президент екіжақты байланыстың басым бағыты ретінде сауда-экономикалық және инвестициялық ықпалдастықты атады. Былтыр өзара сауда-саттықтың көлемі 200 миллион долларға жетті, осы жылдың алғашқы тоқсанында тауар айналымы 37 пайызға өсті.

«Қазақстан экономикасына құйылған мажар инвестициясы 370 миллион доллардан асты. Қазір екі ел машина жасау, ауыл шаруашылығы және логистика салаларында 16 бірлескен инвестициялық жобаны жүзеге асырып жатыр. Олардың құны 700 миллион долларға жуықтайды», - деп жазылған Ақорданың хабарламасында.

Президент Түркі мемлекеттері ұйымының ертеңгі бейресми саммитінің маңызына тоқталып, еліміз ТМҰ қызметінің барлық басым бағыты бойынша сындарлы диалогты жалғастыруға бейіл екенін растады.

Орбан Тоқаевқа ризашылық білдірді

Ал  Виктор Орбан сапармен келгені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, қазақ-мажар қатынастарының орнықты әрі қарқынды сипат алғанына назар аударды.

«Мажарстан премьер-министрі соңғы жылдары екіжақты ынтымақтастық, әсіресе, экономика саласында белсенді дамып келе жатқанын жеткізді. Сонымен қатар саммитті ұйымдастыруға жан-жақты қолдау көрсеткені үшін ризашылығын білдірді», - делінген хабарламада.

Кездесуде былтыр жоғары деңгейде өткен келіссөздердің қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтардың, соның ішінде энергетика, сауда және инвестиция салаларындағы бірлескен жобалардың орындалу барысы талқыланды. Бұдан бөлек, тараптар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Серіктес жаңалықтары