Тоқаев Будапештке ұшып барды
Мажарстанда Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті өтеді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысу үшін Будапештке ұшып барды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Мемлекет басшысы бүгін Мажарстан премьер-министрі Виктор Орбанмен келіссөз жүргізеді», - деп жазылған Ақорданың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Ұйымның тарихы
Түркі мемлекеттерінің ұйымы (бұрынғы Түркі кеңесі) — түркі тілдес мемлекеттерді біріктіретін халықаралық ұйым.
1992 жылдан бастап Түрік тілдес мемлекеттердің саммиті өткізіліп келеді. 2009 жылдың 3 қазаны - Нахчыван келісіміне қол қойылып, Түркі кеңесі құрылған болатын.
Ұйымға Қазақстан, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан және Әзербайжан елдері кірді. Ал Мажарстан, Түрікменстан, Солтүстік Кипр бақылаушы мемлекет мәртебесін алды.
Еске сала кетейік, бұған дейінгі Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті 2024 жылдың шілдесінде Әзербайжанда, ал өткен жылдың қарашасында Бішкекте саммит өткен болатын.