Тоқаев пен Абу Дабидің Тақ мұрагері Астанада араб тілін жетік үйрететін мектепке барды
Қаладағы №84 мектеп-лицейге шейх Халиф бен Заид Әл Нахаянның аты берілген

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Абу Дабидің Тақ мұрагері шейх Халиф бен Заид Әл Нахаян атындағы №84 мектеп-лицейге барды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ақорда жазғандай, Астанадағы бұл мектептке 2800 бала білім алып, 159 педагог еңбек етеді.
«Биыл оқу жылында «Цифрлы мектеп» жобасы дайындалып, жаратылыстану және математика пәндері 7 бағытта, атап айтқанда, IT STEM, FAB LAB, роботты техника, қолданбалы математика, биоинженерия, математикалық модельдеу, биохимия салаларына бөліп оқытылды», - деп хабарлайды Ақорда.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен шейх Халед бен Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян араб тілі кабинетін көрді. Мектеп оқушылары араб тілі мен әдебиетін меңгеруде жеткен жетістіктерін танытты.
Оқушылар Қазақстан Президенті мен Абу Дабидің Тақ мұрагеріне мектеп музейін таныстырды. Онда екі елдің ынтымақтастығы мен достығына арналған көрме ұйымдастырылған. Экспозицияға ежелгі дәуірден бүгінге дейінгі араб әлемі жөнінде сыр шертетін кітаптар, ұлттық киім үлгілері мен тарихи жәдігерлер қойылған.