$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
04.06.2020, 09:23
Саясат

Серік Шәпкенов Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды

Ол бұған дейін Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары болды

Серік Шәпкенов Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды
Фото: tengrinews.kz

ҚР Үкіметінің Қаулысымен Серік Жамбылұлы Шәпкенов ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Серік Шәпкенов 1979 жылы Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауылында туған. Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «экономист-математик» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2000 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде оқытушы болып бастады. Түрлі жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты құрылымында жұмыс істеді.

2012-2015 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болды.

2015-2016 жылдары – ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы.

2016-2018 жылдары – Атырау қаласының әкімі.

2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары болды.

Серіктес жаңалықтары