01.06.2020, 12:29
Саясат
Армения премьер-министрі коронавирус жұқтырды
Арменияда коронавирус жұқтырғандардың саны 9 мыңнан асты
фото: rbc.ru
Армения премьер-министрі Никол Пашинян facebook желісіндегі парақшасында коронавирус жұқтырып алғанын мәлімдеді.
«Өкінішке қарай, тест нәтижесі оң болып шықты. Мен кейін отбасымның мүшелері де тест тапсырды, олардан да инфекция табылған. Қазір біздің барлығымыз оқшауландық. Үйде отырып жұмыс істеймін», - деп жазды ол.
Сондай-ақ премьер-министр дерті жеңіл, сипмтомсыз өтіп жатқанын, жұмысын резиденцияда отырып жалғастыра беретінін айтты.
Арменияда коронавирус жұқтырғандардың саны 9 мыңнан асты. Ал, қауіпті індеттен көз жұмғандардың саны - 131.
Көп оқылған
30.09.2026, 16:19
«Жастар осыларды тыңдап, өзгеріп кетті»: Қайрат Нұртастың анасы Роза коучтың ит терісін басына қаптады
30.09.2026, 09:28
«Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақкөлде әйел адам мас күйде сәбиін тұншықтырып өлтіріп алды
30.09.2026, 16:54
Шымкентте әйел адам күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді (ВИДЕО)
30.09.2026, 21:19
Қазақстанның 12 облысында дауылды ескерту жарияланды