Бұл экс-әкімге қатысты алғашқы сот отырысы
Павлодар қаласының қылмыстық істер бойынша №2 сотында Павлодар облысының экс-әкімі Болат Бақауов ісі бойынша негізгі сот талқылауы басталды.
Сот кабинетінің құжаттарында экс-әкімге Қылмыстық кодекстің 361-бабы, 4-бөлімінің 3-тармағы бойынша «қылмыстық құқық бұзушылық жасаудың ауыр зардаптарына әкеп соққан лауазымдық өкілеттігін теріс пайдаланды» деген айып тағылып отыр.
Кеше Павлодар қаласының қылмыстық істер бойынша №2 сотында бұрынғы аймақ басшысы Болат Бақауовтың ісі қаралатынын жариялады. Алғашқы отырыс 2020 жылдың 27 мамырына белгіленді.
Тергеу Павлодар облысының экс-әкіміне қатысты қылмыстық істің бабын өзгертті. 361-баптың жазасы жеңілдеу, жеті жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе айыру жазасы қарастырылған.
Еске салайық, ҰҚК 2020 жылдың 16 қаңтарында Павлодар облысының бұрынғы әкімі Болат Бақауовты лауазымын асыра пайдаланды деген қылмыстық іс бойынша ұстаған еді.
17 қаңтарда Павлодар қалалық мамандандырылған тергеу соты Болат Бақауовты екі ай мерзімге қамауға алу туралы қаулы шығарды.
19 ақпанда Павлодар соты экс-әкім Бақауовқа қатысты үйде қамауға алу туралы санкция шығарды.
10 сәуірде Павлодар облысының бұрынғы әкімі Болат Бақауов үйқамақ мерзімі 13 мамырға дейін ұзартылды.