Сот шешімімен Бақауов үйқамаққа шықты
Павлодар соты экс-әкім Бақауовқа қатысты үйде қамауға алу туралы санкция шығарды

Павлодар облысының экс-әкімі Б. Бақауовқа қатысты қамауға алу туралы бұлтарпа шарасы үй қамауына өзгертілді. Бұл туралы Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады.
«Павлодар қаласының мамандандырылған тергеу сотының 2020 жылғы 18 ақпандағы шешімімен, жедел-тергеу тобының жетекшісі, ҰҚК бас тергеушісінің (Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметінің келісімен) Б.Ж.Бақауовты қамауға алу туралы бұлтарпа шарасын үй қамауына өзгерту туралы өтініші қанағаттандырылды», - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2020 жылғы 15 қаңтарда Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовқа қатысты лауазымдық уәкілеттіліктерін асыра пайдалану фактісі бойынша жедел тергеу шараларын жүргізді. 17 қаңтарда Павлодар қалалық мамандандырылған тергеу соты мәлімдеме жасап, экс-әкімді екі ай мерзімге қамауға алу туралы қаулы шығарды.