$ 511.18  530.6  5.28
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстан Тәжікстанға гуманитарлық көмек ретінде 5 мың тонна мазут берді

Бүгін оны төтенше және уәкілетті елші табыстады

Қазақстан Тәжікстанға гуманитарлық көмек ретінде 5 мың тонна мазут берді
Фото: gov.kz

Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Уәлихан Төреханов Тәжікстан Республикасының үкіметі жанындағы Мемлекеттік материалдық резервтер агенттігінің директоры Нурмахмад Ахмадзодаға 5 мың тонна мазут сертификатын табыс етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy елшіліктің ресми сайтына сілтеме жасай отырып.

Бұл – екі ел арасындағы келісім аясында берілген гуманитарлық көмек.

«Қазақстан Елшісі екі ел арасындағы стратегиялық қарым-қатынастар шеңберінде Қазақстан басшылығы Тәжікстан Республикасына 871,9 млн. теңге (шамамен $1,67 млн.) көлемінде гуманитарлық көмек көрсету туралы шешім қабылдағанын атап өтті. Сонымен қатар, 144,5 млн. теңгеге ($276 мың) азық-түлік өнімдері (67 тонна өсімдік майы, 50 мың дана сүт консервілері және 325,6 тонна қарақұмық жармасы) табысталды», - деп хабарлайды елшіліктің сайты.

Серіктес жаңалықтары