Бектенов пен Сағынтаев Алматыда маңызды жиынға қатысты
Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңестің шағын құрамдағы отырысы өтті

Қазақстанның премьер-министрі Олжас Бектенов Алматыда өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің шағын құрамдағы отырысына қатысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Үкіметтің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, отырыста ЕАЭО шеңберіндегі мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланған.
Шағын құрамдағы отырысқа одаққа қатысушы елдер үкіметтерінің басшылары: Беларусь Республикасы – Роман Головченко, Қырғыз Республикасы – Адылбек Қасымалиев, Ресей Федерациясы – Михаил Мишустин, Армения Республикасы вице-премьері Мгер Григорян және ЕЭК алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев қатысты. Олжас Бектенов Еуразиялық үкіметаралық кеңес алаңындағы халықаралық диалогтің маңызды екеніне тоқталып, қабылданған шешімдер интеграциялық үдерістердің дамуына тың серпін беретініне сенім білдірді.