$ 514.94  583.74  6.13
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
25.05.2020, 16:15
Саясат

Жеңіс Қасымбек коронавирустың өршуіне жол берген екі әкімге сөгіс берді

Теміртау мен Бұқар Жырау ауданының әкімдері уақтылы шара қолданбағаны үшін сөгіс алды

Жеңіс Қасымбек коронавирустың өршуіне жол берген екі әкімге сөгіс берді
Фото: sputniknews.kz

Қарағанды облысыны әкімі Жеңіс Қасымбек Теміртау мен Ботақара кентінде коронавирустың өршуі атқарылған жұмыстар әлсіз болғанымен байланыстырды. Аймақ басшысы Теміртау қаласы мен Бұқар Жырау ауданының әкімдеріне сөгіс жариялады. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Өткен аптадағы нәтижелер көрсеткендей, жекелеген өңірлерде әкімдер коронавирустың таралуы қандай қауіп төндіріп отырғанына нақты бере алмағанын көрсетті. Жеделдік, басқа мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жоқ. Эпидемиологиялық жағдайды тұрақты сақтау бойынша жұмыс әлсіреді. Оның тікелей нәтижесі, дәлірек айтқанда, шаралардың уақытында қабылданбауы деп білеміз. Теміртау мен Ботақарада індет өршіп кетті. Осыған байланысты Теміртау мен Бұқар Жырау ауданының әкімдеріне сөгіс түріндегі тәртіптік жаза жариялаймын», - деп мәлімдеді Жеңіс Қасымбек аппарат кеңесінде.

Облыс әкімі атап өткендей, бұл жарияланған жаза ауырғандардың саны өсуіне байланысты емес, әлсіз жұмыс, жіберіп алған уақыт үшін және эпидемиологиялық тергеудің дер кезінде басталмағаны үшін қолданылады.

«Өткен аптада Нұрқазған кенішінде өршу салдарынан негізгі өсім болды. Жұқтырғандар басқа қалаларға барып, отбасылық іс-шараларға қатысқаны туралы фактілер бар. Осы ошақтардың бәрін білеміз, олар оқшауландырылды. Бірақ, егер санитарлық дәрігерлер мен әкімдер дер кезінде бірлескен шешім қабылдаса, оның алдын алуға болар еді», - деді ол.

Сонымен қатар, облыс әкімі санитарлық-карантиндік талаптардың сақталуына бақылауды және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

«Мен кешке қаланы аралаймын. Ешкім маска тақпайды, саябақтар мен гүлзарларда адамдар топ-тобымен жиналады және қашықтық сақтамайды. Қала және аудан әкімдері, оларға санитарлық талаптарды сақтау қажеттігін түсіндіруді талап етіңіздер. Бірінші кезекте бұл тұрғындарға деген қамқорлық», - деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.

Серіктес жаңалықтары