Президент сайлау және саяси партиялар туралы заңдарды мақұлдады
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және «Саяси партиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында жазылды. Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады деп күтіледі.
Еске салсақ, 21 мамыр күнгі Сенат отырысында Жоғары палатаның төрағасы Мәулен Әшімбаев заңға «Демократия жолындағы қадам» деп баға берген.
Енді жаңа ереже бойынша саяси партияларды тіркеу үшін оның мүшелері 40 мың емес, 20 болса жеткілікті. Ал әйелдер мен жастарға партиялар тізімінде 30% міндетті квота беріледі. Негізгі мақсат - олардың Парламентке депутат болуына мүмкіндік жасау.