$ 522.42  543.89  5.28
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда тұратын елшілердің әйелдері мен балаларына қандай жағдай жасалады

Олар балаларын кез келген мектепте оқыта алады

Қазақстанда тұратын елшілердің әйелдері мен балаларына қандай жағдай жасалады
Фото: Azattyq Rýhy

Сыртқы істер министрлігі Қазақстанда тұратын өзге елдердің елшілеріне қандай жасалғанын мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Елімізде шет мемлекеттердің 73 елшілігі тіркелген. Олардың 64-і елшілермен, екеуі сенімді өкілдермен, жетеуі уақытша сенімді өкілдермен басқарылады.

«Елшілер және олардың отбасы мүшелері, сондай-ақ Қазақстандағы шетел дипломатиялық өкілдіктердің қызметкерлері және олардың отбасы мүшелері Қазақстан Республикасында болуы кезінде 1961 жылы 18 сәуірдегі дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясының 29-37 баптарында көрсетілген иммунитеттер мен артықшылықтарға ие болады», - делінген ҚР СІМ-нің редакцияның сауалына қойған жауабында.

Қазақстанда аккредиттелген елшілер және шетел дипломатиялық өкілдіктердің қызметкерлері балаларын оқыту үшін кез келген оқыту мекемелерін таңдауға құқылы, оларға арнайы шарттар қолданылмайды және арнайы білім беру мекемелерді қазақстандық тарап ұсынбайды.

Ведомство мәліметінше, шетел дипломатиялық агенттер және олардың отбасы мүшелері жоғарыда аталған конвенцияға сәйкес иммунитеттер мен артықшылықтарға ие. 

Қазақстандағы шетел елшілері және дипломатиялық өкілдіктер қызметкерлерінің жұбайлары қоғамдық бірлестіктерге мүше болуға құқылы. Алайда, Қазақстанда коммерциялық қызметті жүзеге асыру үшін екі мемлекет арасында арнайы келісімшартқа қол қойылу қажет.

Серіктес жаңалықтары