Трамп Конгресс ғимаратына шабуыл жасаған 1600 адамға кешірім берді
Трамптың оппоненттеріне президенттің бұл әрекетін сынады
Президенттік қызметіне кіріскен Дональд Трамп Капитолий ғимаратына шабуыл жасаған 1600 адамға рақымшылық жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ВВС-ге сілтеме жасай отырып.
Бұған дейін вице-президент Джей Ванс сол кездегі ең агрессивті демонстранттар кешірімге ілінбейді деген болатын. Бірақ Трамп тіпті полицейлерге шабуыл жасап, терезелерді сындырып, Вашингтондағы Конгресс ғимаратын бүлдіргендерге де рақымшылық жасады.
Тәртіпсіздікке қатысқан 1600 адамға кешірім беріліп, «бүлік шығарды» деген айыппен ұзақ мерзімге сотталған Proud Boys пен Oath Keepers оңшыл радикал топтартың 14 мүшесінің жазасы жеңілдетілді.
Трамптың оппоненттері президенттің бұл әрекетін нашар бағалады.
Айта кетсек, 2021 жылы 6 қаңтарда Трамптың жақтастары Джо Байденнің президенттік жеңісін мойындамай, Капитолийге шабуыл жасап, Вашингтонда тәртіпсіздік ұйымдастырған еді. Тәртіпсіздіктер кезінде 1 адам қаза тауып, 15 адам жараланған болатын.