$ 522.42  543.89  5.28
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Мексика президенті Трампқа сес көрсетті

Ол оның мәлімдемелерімен келіспейтінін айтты

Мексика президенті Трампқа сес көрсетті
Фото: instagram.com/claudia_shein/

20 қаңтарда инаугурациясы өтіп, АҚШ-қа толыққанды президент болған Дональд Трамптың мәлімдемелеріне Мексиканың әйел президенті Клаудия Шейнбаум жауап берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

АҚШ президенті Дональд Трамп Мексика шығанағын «Америка Шығанағы» деп өзгертуді ұсынды. Оның айтуыынша, бұл атау «әдемі» естіледі. Трамп бұрын елді басқарғанда Мексикамен бірнеше мәрте қақтығысып, шекара қауіпсіздігі мен импорттық тауарларға баж салығын енгізген болатын. Сондай-ақ, ол АҚШ-Мексика шекарасында дуал орнатуға уәде берген.

ABC хабарлағандай, Шейнбаум Трамптың инаугурациядан кейін бекіткен бірқатар жарлығына жауап берді.

Президент Трамптың Оңтүстік шекарадағы төтенше жағдайға және мигранттарды қорғау хаттамаларына қатысты жарлықтары Трамптың бірінші рет президент болғанда қабылдаған бұйрықтардан еш айырмашылығы жоқ екенін атап өтті.

 «Біз әрқашан тәуелсіздігімізді, АҚШ-та тұратын отандастарымызды қорғау үшін әрекет етеміз. Біз Конституция мен заңдар аясында жұмыс істейміз», - деп қосты ол.

Сондай-ақ, Шейнбаум Трамптың Мексика шығанағын америкалық деп өзгерту туралы жарлығымен келіскен жоқ.

«Біз үшін және бүкіл әлем үшін ол Мексика шығанағы болып қалады», - деді президент.

Серіктес жаңалықтары