Ертең Түркістан облысында әкім ауысуы мүмкін
Депутаттар облыс әкімін тағайындау үшін жиналмақ
Ертең Түркістан облысы аумағында орналасқан мәслихаттар депутаттарының жиналысы өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық мәслихатқа сілтеме жасап.
Детутаттар Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 8 маусымдағы №912 Жарлығымен бекітілген Облыс аумағында орналасқан мәслихаттар немесе республикалық маңызы бар қалалар және астана мәслихаттары депутаттарының облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімін лауазымға тағайындауға келісім беру қағидаларының 5,6-тармақтарына сәйкес жиналады.
Күн тәртібіндегі негізі мәселе – Түркістан облысы әкімінің кандидатурасына келісім беру. Облыстық мәслихат аппаратының төрағасы Н.Әбішовтың арнайы шақыртуы ресми сайтта жарияланды.
Түркістан облысын Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды басқарып келгені белгілі. Ол бұл қызметке 2022 жылы тағайындалған.