Дональд Трамп Жүрсін Ерманның құдасы басқаратын ұйымнан шығып кетпекші
Ол ұлықтау салтанаты өте сала АҚШ-ты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан шығарамын дейді

АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамптың командасы 2025 жылдың 20 қаңтарында, яғни ұлықтау рәсімі өте сала АҚШ-ты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан шығарып алмақшы, деп хабарлайды Azattyq Rýhy әлемдік БАҚ-қа сілтеме жасай отырып.
Әртүрлі дереккөз соңғы екі жыл ішінде бұл ұйымдағы жалпы қаржының 16 пайызы АҚШ-тың үлесінде болғанын жазады.
Айта кетейік, Трамп 2020 жылы да АҚШ-ты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан шығару туралы бастама көтеріп, оған кететін қаражатты елдегі медицинаға құюды жоспарлайтынын айтқан болатын. Алайда, сол президенттік мерзімінде оның бұл жоспары орындалмай қалған болатын.
Енді, Трамптың бұл жолғы командасы ұзаққа созбай, АҚШ-ты ұйымнан шығару мәселесіне ұлықтау рәсімі өте сала білек сыбана кірісеміз дейді.
Айта кетейік, қазір Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын Тедрос Гебрейесус басқарып отыр. Ол – қазақ ақыны Жүрсін Ерманның құдасы.