Тоқаев Ильхам Әлиевті туған күнімен құттықтады
Мемлекет басшысы Әзербайжанның президентіне ықылас танытқан

Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесіп, оны туған күнімен құттықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ақорда жазғандай, Әлиевті туған күнімен құттықтай отыра Тоқаев бауырлас Әзербайжан халқының игілігі жолындағы мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.
«Мемлекет басшысы қазақ-әзербайжан қатынастарын дамытуға қосқан Ильхам Әлиевтің елеулі үлесін жоғары бағалады. Президенттер екі жақты ықпалдастықтың қарқыны жоғары екенін атап өтіп, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту перспективасын талқылады», - деп жазады Ақорда.
Осы айтылғандардың ішінде жоғары деңгейдегі сапарлардың уағдаластықтарына айрықша мән берілгені хабарланып отыр.