21.05.2020, 11:12
Саясат
Ұлттық кеңестің үшінші отырысы онлайн форматта өтеді
Алда өтетін отырыста қаралатын мәселе – адам капиталы
фото: Ұлттық кеңестің отырысы, 2019 жыл
Қазақстан Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысы 27 мамырда өтеді. Бұл туралы Президент кеңесшісі – Ұлттық кеңестің хатшысы Ерлан Қарин хабарлады.
«Ұлттық кеңестің келесі отырысы онлайн форматта өтеді және оған барлық өңірлерді қатыстыруды ойластырып отырмыз. Ұлттық кеңес мүшелерінің ұсынысы бойынша, алдағы өтетін отырыста қаралатын басты тақырып – адам капиталы, соның ішінде білім саласын дамытудағы мәселелер болмақ», - деп жазды ол.
Ерлан Қариннің айтуынша, Ұлттық кеңес мүшелері ақпан айынан бері елдегі білім беру жүйесін дамыту бойынша ұсыныстарын әзірлеп жатыр және ол ұсыныстары алдағы жиналыста талқыланатын болады.
Көп оқылған
02.04.2026, 15:48
Екі бала қоршаудан әрі ұшып кеткен: Талдықорғанда жантүршігерлік жол апаты болды (ВИДЕО)
02.04.2026, 13:13
Табысынан шығыны көп қазақстандықтар енді 10 пайыз салық төлеуі мүмкін
02.04.2026, 11:28
Юпитерден энергия алу идеясын ұсынған: қазақстандық оқушылар әлемдік байқауда жеңіске жетті
Бүгін, 15:07
КСРО заманынан қалған: Алматы облысында қар суы жүздеген көлік қатынайтын тасжолды шайып кетті (ВИДЕО)
02.04.2026, 14:58
Павлодарда ер адам досын қорғаймын деп пышақ жарақатынан қаза тапты