21.05.2020, 10:25
Саясат
Жұмағұлов пен Смайылов қызметінен босады
Бұл шешімді Сенат депутаттары бірауыздан қолдады
Фото: sputniknews.kz
Асқар Смайылов пен Бауыржан Жұмағұлов басқа қызметке ауысуына байланысты ҚР Жоғарғы сотының судьясы қызметінен босатылды.
«Мемлекет басшысы сіздердің қарауларыңызға Бауыржан Тұрсынұлы Жұмағұловты және Асқар Спартакұлы Смайыловты басқа лауаузымға тағайындалуына байланысты Жоғарғы сот судьясы қызметінен босату туралы ұсыным енгізді. Президент Жарлығымен Смайылов Алматы қаласы сотының төрағасы, Жұмағұлов Атырау облыстық сотының төрағасы қызметіне тағайындалды. Осыған орай сіздерден Мемлекет басшысы ұсынымын қолдауды сұраймыз», - деді Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы Талғат Донақов Сенат отырысында.
Бұл шешімді Парламент Сенаты бірауыздан қолдап, дауыс берді.
Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан
Көп оқылған
16.08.2026, 06:21
Қостанайда жүзе алмаған әке қызын құтқармақ болып қаза тапты
16.08.2026, 16:06
17 тамыз күні ауа райы қандай болады
16.08.2026, 16:37
БҚО-дағы Ми-8 тікұшағының апатына қатысты іс сотқа жолданды
16.08.2026, 10:38
Астана – Щучинск тасжолындағы апат: жүргізуші жолда ұйықтап кеткен
16.08.2026, 15:06
Ақтөбе облысында бұзылған автобустан 14 жолаушы эвакуацияланды
16.08.2026, 08:47
Конгода Эболадан әр 30 минут сайын бір адам көз жұмады