$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
20.05.2020, 17:45
Саясат

Хасан Рухани Қасым-Жомарт Тоқаевты Тегеранға ресми сапармен келуге шақырды

Тоқаев Иран Президенті Хасан Руханимен телефон арқылы сөйлесті

Хасан Рухани Қасым-Жомарт Тоқаевты Тегеранға ресми сапармен келуге шақырды

Тараптар қазақ-иран қатынастарының қазіргі ахуалы мен даму перспективаларын, соның ішінде сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Ақорда.

«Хасан Рухани Иран тарапының Қазақстанмен тауар айналымын арттыруға мүдделі екенін атап өтіп, «Қазақстан-Түрікменстан-Иран» темір жолының, сондай-ақ, Каспий теңізі арқылы өтетін мультимодальді дәліздердің әлеуетін тиімді пайдаланудың өзектілігіне тоқталды»,-делінген хабарламада.

Осы орайда Иран тарапы жүк тасымалын ұлғайту мақсатында аталған көлік бағыттарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін бірлескен жұмыстардың маңызды екенін жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев екіжақты экономикалық байланыстарды жандандырудың нақты  шараларын  үкіметтер деңгейінде әзірлеуді ұсынды.

Мемлекеттердің COVID-19 індетіне қарсы күреске қатысты қабылдаған шараларына ерекше назар аударылды.

Иран Президенті індеттің таралуын болдырмау жөніндегі Қазақстан басшылығының қабылдаған шешімдері мен атқарған іс-қимылдарын, сондай-ақ, халық арасында кең ауқымда жүргізілген коронавирусты анықтау жұмыстарын   жоғары бағалады.

Серіктес жаңалықтары