26.11.2024, 12:42
Саясат
Тоқаевтың тапсырмасын орындамаған шенеуніктер енді жазаланады
Тиісті түзетулер бекітілді
Фото: istockphoto.com
Қазақстанда президенттің тапсырмаларын орындамағаны үшін мемлекеттік саяси қызметшілерге тәртіптік жаза қолданылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Президенттің «Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» 2015 жылғы 29 желтоқсандағы жарлығына тиісті өзгерістер енгізілді.
Қазір мемлекеттік саяси қызметшілер:
- өзіне жүктелген міндеттерді құқыққа қайшы, кінәлі түрде орындамауы немесе тиісінше орындамағаны;
- лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны;
- қызметтік тәртіп пен қызметтік әдепті бұзғаны;
- заңдарда белгіленген, мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулерді сақтамағаны үшін тәртіптік жазаға тартылатын.
Енді осы тізімнің қатарына президенттің тапсырмаларын орындамағаны үшін қолданылатын жаза қосылды. Яғни президент тапсырмаларын, сондай-ақ ҚР Президенті әкімшілігі басшылығының тапсырмаларын орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін шенеуніктер тәртіптік жазаға тартылады.
Көп оқылған
09.10.2026, 09:40
«Медбикелер есінен танып құлап жатты»: экс-министр Ажар Ғиният 1999 жылы Бейнеудегі обаны қалай тоқтатқанын айтып берді
09.10.2026, 12:58
«Инцест – бұл харам»: екі баласы да аутизмге шалдыққан әйел танымал әзілкешке өткір жауап қайтарды (ВИДЕО)
09.10.2026, 10:14
«Военкоматтан келіп тұрмыз»: Астанада үш ер адам айы-күні жақындаған әйелдің күйеуін алып кетпек болған (ВИДЕО)
09.10.2026, 16:02
Павлодарда дәрігерлер пойыз астына түскен жас жігіттің бір аяғын кесіп алып тастады: ол бәрібір қайтыс болды
09.10.2026, 06:19
Дәрігерлер екі жастағы қыздың асқазанынан 250 магнит алып ашықты
10.10.2026, 08:29
«Куәгер болған»: Ақмола облысында дәрігер өз-өзіне қол жұмсады