29.10.2024, 12:32
Саясат
Грузияда наразылық білдірушілер жаңа сайлау өткізуді талап етті
Тбилисиде халық алаңға шықты
Фото: https://x.com/AnnaGvarishvili/status/1850938553926369476
Оппозиция парламенттік сайлауда нәтижелер жалған болғанын алға тартып, қайта өткізуді талап етті. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Euronews-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Басқарушы партия барлық айыптауларды жоққа шығарады. Тбилиси көшелеріне мыңдаған адам өткен парламенттік сайлаудың нәтижелерімен келіспейтіндіктерін білдіру үшін шықты.
Наразылық акциясына қатысушылар халықаралық ұйымдардың бақылауымен жаңа сайлау өткізуді талап етті.
ОСК мәліметтері бойынша, «Грузин арманы» басқарушы партиясына сайлаушылардың 54,8% дауыс берді, бұл дауыс партияның парламентте болуын қамтамасыз етеді.
Осыған дейін Грузия президенті халқын бейбіт митингіге шығуға шақырған еді.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
10.11.2026, 12:58
Қаракемердегі үш оқушының қазасы: прокуратура «Система» деген бейресми топтың жігіттерін ұстап алды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды