$ 513  541.16  4.69
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

ШЫҰ миссиясы Қазақстанда өткен референдумға баға берді

Олар референдум  өтті деп санайды 

ШЫҰ миссиясы Қазақстанда өткен референдумға баға берді
Фото: Azattyq Ruhy

Халықаралық байқаушылар 6 қазанда өткен референдумға баға берді. ШЫҰ миссиясының басшысы Олег Копылов миссияның пікірін оқып берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Миссия Қазақстандағы референдумды өтті деп мойындады. 

«Азаматтық қоғамның дұрыс пікір жасауына барлық жағдай жасалды. ШЫҰ миссиясы Қазақстандағы референдум заңға сәйкес және халықаралық талаптардың сақталуымен өткенін растайды. Миссия АЭС салу мәселесі бойынша референдум таза, әділ әрі заңды өткенін мойындвйды»,- дейді Копылов. 

Оның айтуынша, референдум Қазақстанда болатын демократиялық процестердің дамуына ықпал етеді.

«ШЫҰ миссиясы орталық референдум комиссиясы мен министрліктерді байқаушылардың жұмысына жағдай жасағаны үшін алғыс айтады. Миссия Қазақстан халқын референдумның сәтті өтуімен құттықтайды»,-дейді ол. 

ШЫҰ миссиясының құрамындағы 13 байқаушы Қазақстандағы референдумды бақылады. 

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#АЭС #референдум