$ 513  541.16  4.69
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Референдумда дауыс беру ашық әрі әділ өтті – Елнұр Бейсенбаев

Әділетті Қазақстан жүзеге асып жатыр

Референдумда дауыс беру ашық әрі әділ өтті – Елнұр Бейсенбаев
Фото: видеодан скриншот

Мәжіліс депутаты, AMANAT партиясы фракциясының басшысы Елнұр Бейсенбаев референдумның қорытындысына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Тарихи сәт - АЭС бойынша референдум да өз мәресіне жетті. Халық азаматтық ұстанымын білдіріп, өз таңдауын жасады. Оның алдын ала қорытындысы жарияланды. Орталық референдум комиссиясының мәліметінше, тізімге енген азаматтардың жалпы санының 63,87%-ы бюллетень алған. Бұл - жақсы көрсеткіш. Халқымыздың ел болашағына бейжай қарамай, барынша белсенділік танытқанын айқын аңғарып отырмыз. Ең бастысы, референдумда дауыс беру - ашық, таза және әділ өтті», - дейді депутат.

Оның айтуынша, бұл Мемлекет басшысы ұсынған әділетті Қазақстанның нақты жүзеге асып жатқанына тағы бір дәлел.

«Осынау маңызды мәселе бойынша Қоғамдық даму институты жүргізген Exit Poll-дың алғашқы қорытындысы да мәлім болды. Оның нәтижесі бойынша сауалнамаға қатысушылардың 72,3%-ы Қазақстанда атом электр стансасының құрылысымен келісемін деп жауап берген. Көп ұзамай мемлекеттік жауапты ұйымның да ресми дерегі жарияланады. Әдетте, ол көрсеткіш те экзитпол қорытындысынан соншалықты алшақ болмайтынын әлемдік тәжірибе көрсетіп келеді.Бұл ретте, халық таңдауы ел болашағын баянды ететініне нық сенімдімін», - дейді ол.

Серіктес жаңалықтары