$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
07.10.2024, 10:45
Саясат

Азаматтар өзекті ақпараттың жоқтығына көп налыды – Максим Рожин АЭС туралы

Депутат аймақтардағы халыққа нақты ақпарат жетпейді дейді

Азаматтар өзекті ақпараттың жоқтығына көп налыды – Максим Рожин АЭС туралы
Фото: Максим Рожиннің парақшасынан

Мәжіліс депутаты, «AMANAT» фракциясының мүшесі Максим Рожин АЭС жөніндегі референдумның алдын ала нәтижесі туралы пікір білдіре келе, халыққа көп жағдайда АЭС туралы нақты ақпарат жетпейтінін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Референдум бойынша алғашқы Exit poll нәтижелері шықты. «AMANAT» партиясының Қоғамдық саясат институты жүргізген сауалнама бойынша дауыс бергендердің 72,3%-ы «иә» десе, 27,7%-ы «жоқ» деп дауыс берген. Ал Еуразиялық интеграция институтының зерттеуі бойынша сауалнамаға қатысқандардың 71,8%-ы «иә», 28,2%-ы «жоқ» деп дауыс берген. Бұл тек сауалнамалар нәтижелері, алдағы уақытта Орталық сайлау комиссиясының соңғы нәтижелері жарияланады, бірақ осы exit poll, нәтижелеріне қарасақ сайлаушылардың төрттен үш бөлігі АЭС мәселесіне қатысты қолдау білдірді», - деп жазды депутат парақшасына.

Ол осы ретте өзі халықтық қолдау штабының мүшесі болғанын айта келе, аймақтарды аралағанда халыққа ақпарат жетпейтінін байқадым дейді.  

«Жер-жерде азаматтармен көп кездесу өткіздік, әрине жұртшылықта АЭС мәселесіне қатысты уайым бар болғанымен, оның басым бөлігі ақпараттың жоқтығынан екенін байқадым. Халыққа өзекті ақпаратты жеткізу мамандар тарапынан аз болды деп ойлаймын. Азаматтар қойылған сұрақтарға жауапты Халықтық қолдау штабы мүшелерінен алды, сонымен бірге өзекті ақпараттың жоқтығына көп налыды. Осы тұрғыдан Халықтық штаб мүшелері аумақта жүргізген жұмыс барысында, халықты алаңдататын сұрақтарға жауап бергені сөзсіз осы референдумның өтуіне орасан еңбегін атқарды», - деп жазды ол.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#АЭС #референдум