$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Референдумға қатысты бейбіт митинг өткізуге рұқсат алғандар бар ма? - ІІМ жауап берді

Бейбіт жиындар заң аясында жүзеге асырылады

Референдумға қатысты бейбіт митинг өткізуге рұқсат алғандар бар ма? - ІІМ жауап берді
Фото: Azattyq Ruhy / Әсет Құндақбаев

Орталық референдум комиссиясының отырысында ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев референдумға қатысты бейбіт жиын өткізуге қатысты өтініштердің бар-жоғын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Жергілікті атқарушы органдарға ондай арыздарды түсірген. Бейбіт жиындарды өткізуге қатысты заң бар. Заңға сәйкес, жергілікті атқарушы органдар бейбіт жиынды өткізуге рұқсат берсе, неге өткізбеске, оған рұқсат. Ал егер заң бұзылса, ІІМ қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін барлық шараны қабылдайды», - дейді ол.

Оның айтуынша, бейбіт митингіні өткізуге рұқсат алғандар жайлы ақпарат түспеген.

Еске салсақ, 6 қазанда АЭС мәселесі бойынша жалпыұлттық референдум өтеді. Бүгін түнгі сағат 00:00-ден кейін тыныштық күні басталады.

Серіктес жаңалықтары