Референдум: шетелде дауыс бере алатын және бере алмайтын неше азамат бар

Аягөз Құрмаш

Шетелде 74 референдум учаскесі бар 

Референдум: шетелде дауыс бере алатын және бере алмайтын неше азамат бар
Фото: Azattyq Ruhy

Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Алуа Нәдірқұлова Орталық референдум комиссиясының отырысында шетелдегі учаскелер жайлы айтып берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оның айтуынша, соңғы бірнеше айда Таяу Шығыстағы жағдай шиеленісіп кеткен. 

«Осыған байланысты Израиль, Ливан мен Ирандағы қазақстандық дипломаттар күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Бұл елдердегі референдум учаскелері уақытша жабылды. Жалпы дауыс беруге құқығы бар азаматтардың Израильдегі саны 53 адам, Иранда 132, Ливанда 43 азамат бар. Жалпы 228 азамат бар. Осы елдерде тұрып жатқан азаматтарды аса қажеттілік болмаса, тұрып жатқан жерінен шықпауға шақырамыз»,- дейді ол. 

Нәдірқұлова атағандай, СІМ референдум бойынша кешенді жұмыс жүргізді.

«Ел азаматтарының шетелде дауыс беруі үшін қажетті жағдайды қамтамасыз ету бойынша міндеттерді орындау толығымен аяқталды. Дауыс беретін азаматтардың тізімі жасалды. Олардың жалпы саны 12 485 адам. Сыртқы істер министрлігіне 12 611 бюллетень бөлінді. Еліміздің 59 елдегі мекемесінде 74 учаскелік комиссия құрылды»,- деді ол. 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.