$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Асқар Ақаевқа экс-президент статусы берілмейтін болды

Ол қазір Ресейде тұрып жатыр 

Асқар Ақаевқа экс-президент статусы берілмейтін болды
Фото: Azattyq Rýhy/Әсет Құндақбаев

Қырғыз билігі Асқар Ақаевқа экс-президент статусын қайтарудан бас тартты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy жергілікті ақпарат құралына сілтеме жасай отырып.

Қырғызстанның бұрынғы президенті Асқар Ақаев 3 қыркүйек күні Жоғарғы Кеңеске бұрынғы президент атағын қайтарып беруді өтініп, хат жолдаған болатын.

Еске салайық, Асқар Ақаев Қырғызстанды 15 жыл басқарды. 2005 жылы елде авторитарлы билікке қарсы қызғалдақ төңкерісі өтіп, сол кезде биліктен қуылып, Ресейге кеткен.

Асқар Ақаев Ресей ғылым академиясының академигі, М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті жанындағы Күрделі жүйелерді математикалық зерттеу институтының бас ғылыми қызметкері, профессор. 2022 жылы ол Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне келіп, дәріс оқып, универсиеттетің «Құрметті профессоры» атағын алды.

Серіктес жаңалықтары