$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.05.2020, 02:29
Саясат

Тоқаев: Бірқатар өңірде карантиндік шектеулер сақталады

Президент мемлекеттік басқару жүйесінде реформа жүргізілетінін жазды

Тоқаев: Бірқатар өңірде карантиндік шектеулер сақталады
Фото: ашық дереккөзден

Төтенше жағдай режимі аяқталғанымен, бірқатар өңірде карантиндік шектеулер сақталады. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter парақшасында жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысын өткіздім. Бұл комиссия Экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссия болып қайта құрылады. ТЖ режимі аяқталды, бірақ бірқатар өңірде карантиндік шектеулер сақталады. Дағдарыс және дағдарыстан кейінгі даму жағдайындағы негізгі басымдықтарымыз: азаматтардың денсаулығын қорғау, олардың табысын арттыру, бизнесті дамыту, білім және ғылым саласын жаңғырту», - деп жазды Президент.

Оның айтуынша, дағдарысты еңсеріп, өркендеуге қадам басудың бірден-бір жолы - экономиканың жаңа құрылымын қалыптастыру.

«Қолжетімді баспана құрылысы экономикалық дамудың және азаматтарды әлеуметтік қолдаудың маңызды факторы болуға тиіс. «5-10-20» атты жаңа жоба іске қосылады. Оны жүзеге асыру үшін 390 млрд теңге бөлінеді. «ТҚЖБ» АҚ негізінде «Отбасы банкі» атты жаңа даму және қолдау институты құрылады», - дейді Тоқаев.

Сонымен қатар ол мемлекеттік басқару жүйесінде реформа жүргізілетінін айтты.

«Эпидемиядан кейінгі кезеңде де бастамашылдық танытып, терең жауапкершілікті сезіне білу маңызды. Бізге кез келген ахуалға бейімделіп, жедел шешім қабылдайтын, жаңартылған, тиімді әрі шағын мемлекеттік аппарат қажет», - деп жазды Мемлекет басшысы.

Серіктес жаңалықтары