$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
06.09.2024, 11:38
Саясат

Қашаған жөнделеді – үкімет желіде тараған ақпаратты жоққа шығарды

Бұған дейін Қашағандағы жұмыстар кейінге шегерілгені туралы ақпарат тараған еді

Қашаған жөнделеді – үкімет желіде тараған ақпаратты жоққа шығарды
https://www.ncoc.kz/

Үкімет Қашаған кен орнындағы жөндеу кейінге шегерілгенін жоққа шығарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Энергетика министрлігінің мәліметіне сүйенсек, кейбір жөндеу жұмыстарына байланысты қазанда кен орнындағы өндіріс көлемі азаяды деген ғана жоспар бар.

«Осы кезеңде біз жыл басынан бері жинақталған артық өндірістің айтарлықтай көлемін өтеуді жоспарлап отырмыз.  Бұл ОПЕК Бас хатшысы Хайтам әл-Гайстың жақында болған сапары кезінде және ОПЕК хатшылығы ұйымдастырған талдау агенттіктерімен кездесуі кезінде айтылған ақпарат. Қазақстан ОПЕК+ келісіміне өзінің адалдығын растайды және Келісімнің әлемдік мұнай нарығының тұрақтылығын қамтамасыз етудегі маңызды рөлін түсінеді», - деп хабарлады энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары