Нидерланды заңсыз миграциямен күрестің жаңа тәсілін қолданбақ
Жаңа тәртіп келер жылғы 1 қаңтардан басталады

Нидерланды билігі заңсыз миграциямен күресуге бел буа кірісті. Енді баспана берілмеген босқындарды әлеуметтік төлемдерден айырады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy BILD - ке сілтеме жасап.
Жарқын болашақтан үміттеніп Нидерландыға пана сұрап келгендердің ішінде баспана ала алмағандар мемлекеттен тегін тамақ, тұратын үй-жай, төлемдерден де қағылады.
Босқындар мәселесімен айналысатын министр Марьолейн Фабер мәлімдеуінше, 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап елден кетуі тиіс мигранттарға жәрдемақы төленбейді. Ол босқындарды қамтумен айналысатын 5 қаланың билігімен сөйлескен. Кейбір қалалар баспана берілмеген мигранттарды қолдау бағдарламасын әзірше жалғастыратынын, Амстердам кем дегенде келесі жылдан бастап өтемақы беруден бас тартуды бастайтынын ескерткен.
NOS телеарнасының дерегінше, Нидерланды жыл сайын пана іздеп келгендерге шамамен 30 миллион еуро жұмсайды.