Бірыңғай мемлекеттік медициналық ақпараттық жүйені енгізу арқылы жұмысымыз жеңілдейді – дәрігер
Тараз ауруханасының бас дәрігері президент Жолдауындағы медицина саласына қатысты мәселелерге өз ойын білдірді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында денсаулық сақтау саласындағы қаржылық ағындар туралы ақпараттың ашықтығын және сапаны бақылауды қамтамасыз етуді және қазіргі уақытта жұмыс істеп тұрған бірнеше ондаған әртүрлі бағдарламалар мен мәліметтер базасының орнына Бірыңғай мемлекеттік медициналық ақпараттық жүйені құру керегін айтқан еді. Тараз қалалық көпбейінді аурухана және консультативтік-диагностикалық орталығының бас дәрігері Хамит Мұрзақасымовтың ойынша, бұл шара шын мәнінде, мемлекеттік тапсырыс аясында жұмыс істейтін әртүрлі денсаулық сақтау ұйымдарынан, меншік нысанына қарамастан, алынған барлық деректердің түпкілікті бақылауын және объективтілігін қамтамасыз етеді және мәжбүрлеу саласындағы жалғандық пен алаяқтықты болдырмауға көмектеседі, хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Елімізде Бірыңғай мемлекеттік медициналық ақпараттық жүйенің енгізілуі бұл бағыттағы жұмысымызды айтарлықтай жеңілдетеді деп ойлаймын. Біз, өз кезегімізде, МӘМС жүйесінде қордаланған проблемалық мәселелердің шешілуіне ат салыса отырып, аймақ халқына тиімді және сапалы медициналық көмекті ұсыну үшін барлық күш-жігерімізді салуға уәде етеміз. Сондай-ақ Мемлекет басшысының пациенттерге мемлекет кепілдік берген қызметтердің орнына ақылы негізде медициналық көмек көрсетуге жол берілмейтіндігі туралы айтқанын да қолдаймыз. Мемлекет базалық мемлекеттік медициналық көмектің біртұтас пакетін құру кезінде әрқашан өз мүмкіндіктері мен міндеттерінің арасында салауатты теңгерім табады. Сондықтан, шын мәнінде, бұл пакеттен тыс барлық нәрсе медициналық сақтандыру жүйесі арқылы төленуі керек», - дейді дәрігер Хамит Мұрзақасымов.