06.09.2024, 09:17
Саясат
Ерболат Досаевтың көмекшісі ұсталған ба – әкімдіктің мәлімдемесі
Досаевтың баспасөз қызметі ақпаратты жоққа шығарды
Фото: Алматы әкімдігі
Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың көмекшісі қолға түсті деген ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Дереккөзге сүйенсек, әкімнің көмекшісі ұсталды деген ақпараттың суреті – мүлде жаңсақ ақпарат. Өйткені, баспасөз қызметі ол сурет Алматы облысы Іле ауданы әкімінің суреті дейді.
«Желіде Алматы әкімінің көмекшісі ұсталды деген жалған ақпарат тарады. Оның үстіне тараған ақпараттың суреті – Алматы облысы Іле ауданы әкімінің суреті. Осыған байланысты Алматы әкімдігі жалған ақпарат таратқан адамды анықтау үшін құқық қорғау органдарына жүгінетінін мәлімдейді», - деп жазылған әкімдіктің шұғыл ақпаратында.
Көп оқылған
04.05.2026, 13:32
«Артыңа ағаш тығамыз»: Степногорскте бір топ бала жабылып, 1-сынып оқушысын ұрып кетті
04.05.2026, 12:23
Ирандық инвесторлар Қазақстандағы ірі агрожобаларға миллион долларлап ақша құятын болды
04.05.2026, 15:59
Астанада қайғылы жағдай: аула ішінде 2 жасқа толмаған бүлдіршінді көлік қағып кетті (ВИДЕО)
04.05.2026, 16:45
Аптап ыстық күндер келе жатыр: алдағы үш тәулікте ауа райы 36 градусқа дейін барады
04.05.2026, 09:41
Алматы әуежайында шетел азаматы ірі көлемде есірткімен ұсталды: ол өмір бойына сотталуы мүмкін
04.05.2026, 11:56
Үкімет Риддердің жылу жүйесін жөндеу үшін 1,8 млрд теңге бөлетін болды