$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
17.07.2024, 09:21
Саясат

Бес елдің қорғаныс министрі Ақтауда бас қосты

Олар әскери нысандарды аралады

Бес елдің қорғаныс министрі Ақтауда бас қосты
Фото: Қорғаныс министрлігі

Ақтауда «Бірлестік-2024» халықаралық оқу-жаттығуы өтіп жатыр. Қатысушы елдердің қорғаныс министрлері әскери нысандарды аралады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Маңғыстау өңірінде Қазақстан қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов Әзербайжан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстаннан келген әріптестерін сеніп тапсырылған әскери бөлімшелердің оқу-жауынгерлік мүмкіндіктерімен және оқу-жаттығуды өткізу шарттарымен таныстырды», - деп хабарлады министрлік.

Еске салайық, Маңғыстау облысында Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан әскери қызметшілерінің қатысуымен «Бірлестік-2024» халықаралық жедел-тактикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуының белсенді кезеңі шілденің 16-17 күндеріне белгіленген.

Серіктес жаңалықтары