03.07.2024, 17:52
Саясат
Ресей президенті Путин Түркияға шақырту алды
Ердоған мен Путин Астанада келіссөз жүргізді
Фото: Анадолы
Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған Астанада Ресей Президенті Владимир Путинмен келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Анадолы агенттігінің ақпаратына сәйкес, Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымының 24-ші саммитіне қатысуға Астанаға келген қос елдің президенттері Түркияның Синоп қаласында тағы бір атом электр стансасы жобасын іске асыру мүмкіндігін талқылады. Ердоғанның айтуынша, Түркия мен Ресей арасындағы сауда айналымы көлемін 100 млрд долларға жеткізу көзделген.
«Мен бұл межеге жақын арада жететінімізге сенемін. Бізде оған қажет толық әлеует бар», — деп атап өтті Режеп Тайип Ердоған.
Сөз соңында түрік көшбасшысы Владимир Путинді Түркияға сапарлап келуге шақырды.
Көп оқылған
27.10.2026, 13:01
Атырауда «қайын жұртын қырып тастаған» жігітті өмір бойына соттаған атақты судья марапатталды (ВИДЕО)
27.10.2026, 17:43
Ресми ақпарат: Жеңіс Қасымбек жаңа лауазымға ие болды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды