03.07.2024, 17:35
Саясат
Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанның ұшағы Астанаға қонды
Түркия Шанхай ынтымақтастық ұйымының серіктес елі
Фото: primeminister.kz
Режеп Тайип Ердоған ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Астанаға келді. Елорда әуежайында түрік басшысын Премьер-Министр Олжас Бектенов қарсы алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Режеп Тайип Ердоған 3-4 шілдеде өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 24-ші отырысына қатысады.
Түркия — ұйымға серіктес ел.
Айта кету керек, Түркия Қазақстанның ең ірі сауда серіктестерінің бестігіне әрі инвестор елдердің үздік 20-на кіреді.
Осы жылдың 4 айында өзара сауда көлемі $1,6 млрд-қа жетті. Екі елдің үкіметтері сауданың тұрақты көлемін кемінде $10 млрд деңгейінде жоспарлы түрде қамтамасыз ету бойынша жұмыс істеуде.
Көп оқылған
07.10.2026, 16:45
Қазақ ғалымдары шұжықтың ішіндегі ит пен мысық, тышқан мен шошқаның етін лезде анықтайтын тест ойлап тапты
07.10.2026, 11:58
Тоқаев қорғаныс министрінің тағы бір орынбасарын жұмысынан қуды
07.10.2026, 10:58
Миллиардтаған ақшаны ысырап етпек болған: Қазақстан жолдарын жөндеу кезіндегі былықтың беті ашылды
07.10.2026, 13:46
Алматыда ер адам бұрынғы сүйіктісін интимді суреттеріңді таратып жіберемін деп бопсалаған (ВИДЕО)
07.10.2026, 18:00
Ақтауда балықтан уланған тоғыз жасар бала 20 күннен кейін көз жұмды
07.10.2026, 09:48
Қазақстанда алдағы бірнеше күнде ауа райы 27 градусқа дейін жылынады