03.07.2024, 17:05
Саясат
Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров Астанаға келді
3-4 шілдеде ШЫҰ саммиті өтеді
Фото: Ақорда
Садыр Жапаров 3-4 шілде аралығында өтетін ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қазақстанға келді. Елорда әуежайында Қырғызстан Президентін ҚР Үкіметінің басшысы Олжас Бектенов қарсы алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазақстан мен Қырғызстан берік одақтас ретінде екіжақты өзара қарым-қатынас орнатып, елдер арасында оларды тереңдету және кеңейту туралы тиісті шартқа қол қойылған.
Өзара тауар айналымы тұрақты өсім көрсетіп келеді. 2019-2023 жылдар аралығында бұл көрсеткіш 67,3%-ға артып, $1 572 млн-ға жетті.
ШЫҰ саммиті аясында Орталық Азия бойынша, оның ішінде энергетика, қауіпсіздік және басқа да салалардағы әлемдік ынтымақтастық мәселелері қозғалады.
Көп оқылған
07.10.2026, 16:45
Қазақ ғалымдары шұжықтың ішіндегі ит пен мысық, тышқан мен шошқаның етін лезде анықтайтын тест ойлап тапты
07.10.2026, 11:58
Тоқаев қорғаныс министрінің тағы бір орынбасарын жұмысынан қуды
07.10.2026, 10:58
Миллиардтаған ақшаны ысырап етпек болған: Қазақстан жолдарын жөндеу кезіндегі былықтың беті ашылды
07.10.2026, 13:46
Алматыда ер адам бұрынғы сүйіктісін интимді суреттеріңді таратып жіберемін деп бопсалаған (ВИДЕО)
07.10.2026, 18:00
Ақтауда балықтан уланған тоғыз жасар бала 20 күннен кейін көз жұмды
07.10.2026, 09:48
Қазақстанда алдағы бірнеше күнде ауа райы 27 градусқа дейін жылынады