03.07.2024, 09:30
Саясат
Беларусь ШЫҰ-ға кіреді – Лукашенко
Қазір ұйымға тоғыз ел мүше
Фото: president.gov.by
Беларусь ШЫҰ-ға кіреді. Бұл туралы Беларусь Президенті Александр Лукашенко 2 шілдеде елдің Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиында мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Беларусь ШЫҰ-ның толыққанды мүшесі болады. Бұл ұйымға кіру – бірнеше күндік мәселе. Барлық тиісті мемлекетішілік рәсімдер аяқталды», - делінген Минскідегі салтанатты іс-шараның пост-релизінде.
Қазіргі уақытта ШЫҰ-ға 9 мемлекет мүше: Қазақстан Республикасы, Үндістан республикасы, Иран Ислам Республикасы, Қытай Халық Республикасы, Қырғыз Республикасы, Пәкістан Ислам Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы, Өзбекстан Республикасы.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді
12.11.2026, 08:19
«Құлағының бір бөлігін кесіп тастаған»: ШҚО тұрғыны бұрынғы күйеуіне шыққан сот үкіміне наразы