03.07.2024, 09:10
Саясат
Владимир Путин ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Астанаға келді
ҚР мен РФ арасындағы тауар айналымы $7,4 млрд құрады
Фото: primeminister.kz
Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинді әуежайда Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов қарсы алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Владимир Путин Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысады.
ШЫҰ-ны 2001 жылы алты мемлекет — Қазақстан, Қытай, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан құрған. Кейінірек бірлестікке Иран, Үндістан және Пәкістан елдері қосылды.
5 жыл ішінде Қазақстанның ШЫҰ елдерімен тауар айналымы 56,5%-ға өсіп, $66 млрд құрады. 2024 жылғы қаңтар-сәуірде ұйым ішіндегі өзара сауда көлемі $19,1 млрд құрады. Осы кезеңде ҚР мен РФ арасындағы тауар айналымы $7,4 млрд құрады.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді
12.11.2026, 08:19
«Құлағының бір бөлігін кесіп тастаған»: ШҚО тұрғыны бұрынғы күйеуіне шыққан сот үкіміне наразы