$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
02.07.2024, 17:21
Саясат

Қазақстан мен Қытай білім, ғылым, туризм саласында бірлескен жобалар жасайды – Президент

Елордада «Тату көршілік қарым-қатынастың жаңа кезеңі» мәдени алмасу форумы басталды

Қазақстан мен Қытай білім, ғылым, туризм саласында бірлескен жобалар жасайды – Президент
Фото: gov.kz

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқып берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «ҚазАқпаратқа» сілтеме жасап.

«Құрметті жиынға қатысушылар! Сіздерді «Тату көршілік қарым-қатынастың жаңа кезеңі» атты қазақ-қытай форумының ашылуымен құттықтаймын! Бұл іс-шара Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин мырзаның Қазақстанға мемлекеттік сапары сондай-ақ ШЫҰ саммиті аясында ұйымдастырылып отыр. Оның символдық мәні зор», — деп жазылған құттықтау хатында.

Президент өз құттықтауында қазақ-қытай қатынасы жаңа деңгейге көтерілгенін, жан-жақты стратегиялық серіктестігіміз жыл өткен сайын нығайып келе жатқанын атап өтті. Бұған мәдени-гуманитарлық байланыстардың да ықпалы зор.

«Шын мәнінде, мәдениет пен өнер — елдер мен өркениеттерді жалғап тұрған алтын көпір. ШЫҰ саммиті қарсаңында екі елдің мәдениет орталықтары жұмысын бастайды. Бұл қадам қос мемлекеттің өзара ықпалдастығын одан әрі дамытуға жол ашады. Осы ретте білім, ғылым, туризм саласындағы бірлескен жаңа жобалар қолға алынады. Бүгін форум Қазақстан мен Қытайдың тату көршілікке негізделген достық қарым-қатынасын нығайтады деп үміттенемін», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Форумда Қазақстан мен Қытай бірлесіп түсірген «Ортақ арман» деректі лентасы және «Си Цзиньпиннің сүйікті қанатты сөздері» бағдарламасының үшінші маусымы таныстырылды.

Сондай-ақ, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен Қытай медиакорпорациясының ғылыми-зерттеу институты және «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ мен Қытай медиакорпорациясының Еуразиялық бюросы ынтымақтастық туралы меморандум алмасты.

 

Серіктес жаңалықтары