Оңтүстік Корея президенті Қазақстанға келеді

Azattyq Rýhy

Ресми Сеул делегациясы Астанада үш күн тұрақтайды

Оңтүстік Корея президенті Қазақстанға келеді
Фото: Ақорда

Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёль Орталық Азия елдеріне іс-сапарға шықты. Бұл туралы Yonhap агенттігі жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

15 маусымға дейін жалғасатын сапар барысында Оңтүстік Корея басшысы Түрікменстан, Қазақстан және Өзбекстанға баруды жоспарлап отыр.

Дүйсенбіде Ашхабадқа табан тіреуді жоспарлап отырған Юн Сок Ёль Түркіменстан президенті Сердар Бердімұхамедовпен кездесіп, өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою рәсімі өтеді.

Сейсенбіде ол Астанаға келеді. Екі ел басшылары келіссөз жүргізеді және қазақ-корей бизнес-форумына қатысады деп жоспарланып отыр. Сапар аясында бірқатар екіжақты құжатқа қол қойылады.

Бейсенбіде Юн Сок Ёль Ташкентке барады.

Бұл сапар Оңтүстік Кореяның энергетика, маңызды пайдалы қазбалар, инфрақұрылым және басқа салалардағы компаниялары үшін жаңа бизнес мүмкіндіктерін құруға, ынтымақтастықты әртараптандыруға көмектеседі.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.