$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Түркия Google компаниясына 15 млн доллар айыппұл салды

Компания қонақ үйлерге қатысты іздеу талаптарын орындамаған

 

Түркия Google компаниясына 15 млн доллар айыппұл салды
Фото: freepik

Түркия Google-ге қонақ үйлерге қатысты іздеу талаптарын орындамағаны үшін шамамен 15 миллион доллар айыппұл салды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Түркияның монополияға қарсы реттеушісі  Google компаниясына қонақ үйлерге қатысты іздеу талаптарын орындамағаны үшін 482 миллион түрік лирасы (14,88 млн доллар) көлемінде айыппұл салды.

Ведомствоның мәлімдемесінде хабарланғандай, Google өзінің платформасында бәсекелес жергілікті іздеу жүйелерін бұғаттап, адал бәсекелестікке нұқсан келтіріп, «қонақ үйлерді іздеуге қатысты ұсынылған ескерту шараларын” қабылдамаған.

Синьхуа хабарлағандай, бұл қадам наурыз айында бақылаушы органның Threads және Instagram платформаларының артықшылығын  теріс пайдалану мүмкіндігіне байланысты әлеуметтік медиа алыбы Meta-ға уақытша бұйрық берген кездегі ұқсас шешімінен кейін жүзеге асты.

 

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Түркия #айыппұл