Bereke Ваnк-ті сату: қатарлық инвестормен мәміле қашан мәресіне жетеді

Azattyq Rýhy

Мәміле сомасы – 65 млрд теңге

Bereke Ваnк-ті сату: қатарлық инвестормен мәміле қашан мәресіне жетеді
Фото: istockphoto.com

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатов Қатар инвесторларының Bereke Bank-ті сатып алу шарты толықтай қашан бекітілетінін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Акционер Қатардың Lesha bank-і еліміздегі Bereke Bank-ті сатып алатынын жариялады. Осы айдың аяғында немесе шілденің басында Қатар инвесторлары жағынан банк холдингі мәртебесін алуға құжаттар пакеті ұсынуы мүмкін. Бұл құжаттарды алғаннан кейін, оның бәрін қарастырамыз. Оларға банктік холдинг мәртебесін беру мәселесі шамамен биылғы шілде айының соңында аяқталуы ықтимал», - деді О. Қизатов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Еске салсақ, қатарлық Lesha Bank «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінен Bereke Bank-ті сатып алды. Келісімге 2024 жылғы 31 наурызда қол қойылған. Мәміле сомасы – 65 млрд теңге.

«Бәйтерек» холдингі 2022 жылдың қыркүйегінде «Сбербанк Қазақстан» компаниясының иесі болды. Кейінірек Сбербанк атауы Bereke Вank болып өзгерді.

Bereke Bank-ті сатудан түскен қаражат Ұлттық қорға бағытталады. 

Оқи отырыңыз: «Bereke Bank»-ті сатып алуға отандық олигархтар да ұсыныс білдірген – Қарағойшин

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.