$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Bereke Bank»-ті сатып алуға отандық олигархтар да ұсыныс білдірген – Қарағойшин

Банкті Қатар банкі 65 млрд теңгеге сатып алған 

Bereke Bank-ті Қатар Банкі 65 млрд теңгеге сатып алды. Қатарлық Lesha Bank LLC мен «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ арасындағы мәміле 31 наурызда өтті. Бұл ретте «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасы Рустам Қарағойшин Azattyq Rýhy тілшісіне келісімшарт жөнінде егжей-тегжейлі айтып берді.

Оның айтуынша, Bereke Bank-ті сатып алуға отандық олигархтар да ұсыныс білдірген.

«Бизнесмендерден барлық ұсыныс жиналған соң, «мемлекетке болашақта қандай пайда болады» деген сауал талқыланды. Бұл жұмыс атқарылған соң, шетелдік мекемемен шартқа отырдық. Тек банк секторы емес, мемлекеттік стратегиялық пайдасы бар. Қазақстандық бизнесмендерден ұсыныс болды. Қандай олигархтардан ұсыныс түскенін айта алмаймын. 65 млрд теңгеден көп ұсыныс түспеді. Тек сатып алу құны емес, инвестиция құны бар, олар қандай үлес қосады, қандай жаңа технологиялар алып келеді, осындай мақсатта. Сондықтан шетелдік инвесторлардың келуі маңызды. Сарапшылар айта береді», - деді ол.

Яғни, Қарағойшин атап өткендей, банкті қатарлық инвесторға сатудың бірден бір себебі – тек стратегиялық мақсат.

«Бұл біткен жұмыс емес. Біріншіден, мемлекетке бұл ақша ретінде пайда, екіншіден, шетелдік инвесторларды тарту - осы екі тарап бойынша жұмыс жүріп жатыр. Ішкі келісімшартқа сәйкес, әзірге банк атауы «Bereke Bank» деп қала ма, айта алмаймыз. Инвестиция қандай көлемде болады, банк атауы қандай болады, инвестор келген соң білеміз», - деді Қарағойшин.

Серіктес жаңалықтары