$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
10.05.2024, 16:17
Саясат

Алматыда Әзербайжан мен Армения Сыртқы істер министрлерінің келіссөздері басталды

Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу екі елдің сыртқы істер министрлерімен кездесті

Алматыда Әзербайжан мен Армения Сыртқы істер министрлерінің келіссөздері басталды
Фото: media.az

Алматыда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Арменияның Сыртқы істер министрі Арарат Мирзоянмен және Әзербайжан Республикасының Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамовпен кездесті, деп хабарлайды Azattyq ruhy.

Бұған дейін Армения және Әзербайжанның сыртқы істер министрлері Қазақстан тарапының ұсынысымен келіссөз өткізетінін хабарлаған едік.

Мұрат Нұртілеу Арарат Мирзоянмен кездесуі кезінде Қазақстан мен Армения арасындағы жоғары деңгейдегі саяси диалогтың даму динамикасы қанағаттанарлық жағдайда екенін атап өткен.

Ал Әзербайжан сыртқы істер министрімен кездесуі кезінде Джейхун Байрамов қазақстандық тарапқа Әзербайжан мен Армения арасындағы екіжақты бейбітшілік процесін ілгерілету бағытындағы қолдауы мен белсенділігі үшін алғысын айтты. Бүгінгі келіссөздер осы процеске өз үлесін қосатынына сенім білдірілді.

Серіктес жаңалықтары