Қытай кедейлікті түбегейлі жойды – профессор Хан Боуэн

Аягөз Құрмаш

1,4 млрд халықтың азық-түлік қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлінеді

Қытай кедейлікті түбегейлі жойды – профессор Хан Боуэн
Фото: Azattyq Ruhy

Бейжің университетінің профессоры Хан Боуэн Қытай кеделіктен құтылу мен азық-түлік қауіпсіздігін сақтауды тұрақты даму бағдарламасының басты мақсаты етіп отырғанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Қытай үш жыл бұрын ұсынған жаһандық даму бастамасы оң жетістіктерге жетті. Бастаманы іске асыру барысы туралы баяндаманы Қытайдың халықаралық даму білім орталығы жариялады. Құжатта бастамаға байланысты бірқатар тиісті жобалар айтарлықтай нәтиже бергені көрсетілген. Жаһандық даму бойынша жоғары деңгейдегі диалог тізімінде ұсынылған 32 практикалық шараның жартысы іске асырылған”, - дейді ол.

Профессордың айтуынша, Қытайдың тұрақты даму жайлы бағдарламасын 32 ел қолдаған.

«Бастама 8 бағыт бойынша кедейлікті жоюмен күресуді қарастырады. Қазір Қытай кедейлікті түбегейлі жойды. Қала көшелерінде үйсіз-күйсіз жүрген адамдарды көрмейсіз. Қытай үшін азық-түлік қауіпсіздігі – өте маңызды мәселенің бірі. Себебі Қытайда 1,4 млрд адам тұрады. Ол адамның барлығы азық-түлікті тұтынады. Мысалы, күн сайын халық 800 тонна май тұтынады», - дейді Хан Боуэн.

Ал бұршақты Қытай Ресей мен өзге елдерден импорттайды.

«Елді жасылдандыру да маңызды бағыттардың бірі. 2050 жылға таман Қытайда көміртекті нейтралдыққа жету көзделіп отыр. Яғни, қалдықтарды кезеңдеп қысқарту көзделген. 2060 жылы қалдық пен қоршаған ортаның арасындағы тепе-теңдікті ұстау мақсаты тұр», - деді ол.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.