04.05.2024, 11:31
Саясат
Трамп Украинадағы қақтығысты бейбіт жолмен шешудің жоспарын әзірледі
Ол жоспарын сайлаудан кейін ғана жарияламақ
АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп Украинадағы қақтығысты бейбіт жолмен аяқтаудың егжей-тегжейлі жоспарын әзірлеген, бірақ оны сайлаудан кейін жарияламақ, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Жоспар бар, бірақ ол оны кабельдік телеарналардың жаңалықтарында талқыламайды», - деп хабарлаған дереккөз агенттікке.
The Daily Telegraph хабарлағандай, Трамп бұны қақтығысты бейбіт жолмен шешуді тілейтін сайлаушылардың дауысын жеңіп алу үшін істеп отыр.
«Ол қырғынды тоқтатқысы келеді. «Трамп қақтығысты тоқтатады» деген ұраны да болмақ», - деп қосты дереккөз.
Сәуір айының соңында Time журналына берген сұхбатында Трамп сайланған жағдайда, егер Еуропа да қаражат бөлмесе, Украинаға көмек бермейтінін мәлімдеген.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді
