18.04.2024, 12:00
Саясат
Тоқаев бірқатар тағайындау өткізді
Президенттің Жарлығымен Сауд Арабиясы, БАӘ, Оман Сұлтандығындағы елшілер тағайындалды
Фото: t.me/bort_01
Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен бірқатар елдегі Қазақстан елшілері тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Ақордаға сілтеме жасай отырып.
Мемлекет басшысының жарлықтарымен:
- Мадияр Смәділұлы Меңілбеков Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды;
- Нажмедин Мұхаметәліұлы Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Оман Сұлтандығындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды;
- Айдарбек Әнуарбекұлы Тұматов Қазақстан Республикасының Оман Сұлтандығындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Иордан Хашимит Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Ирак Республикасындағы, Палестина Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды;
- Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Шахрат Шәкизатұлы Нұрышев Қазақстан Республикасының Корей Халық Демократиялық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.
- Мемлекет басшысының Жарлығымен Берік Сақбайұлы Арын Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі, Қазақстан Республикасының Бахрейн Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды.
Көп оқылған
27.06.2026, 09:19
Оңтүстік Кореяның бұрынғы бірінші ханымы пара алғаны үшін жеті жылға бас бостандығынан айырылды
27.06.2026, 11:20
Қорғас тас жолындағы қайғылы апаттан бір отбасы қаза тапты
27.06.2026, 13:14
Жетісу облысындағы жол апатынан бес адам қаза тапты
27.06.2026, 08:32
Телефон мен биометрияны пайдаланатын жаңа алаяқтық: Ұлттық банк халыққа үндеу жасады
27.06.2026, 07:24
27 маусымға арналған ауа райы болжамы