$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
03.04.2020, 00:28
Саясат

Тоқаев әскери міндеттілерді арнаулы жиындарға шақыру туралы қаулыға қол қойды

Қаулының мәтіні Ақорда сайтында жарияланды

Тоқаев әскери міндеттілерді арнаулы жиындарға шақыру туралы қаулыға қол қойды
Фото: ашық дереккөзден

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әскери міндеттілерді арнаулы жиындарға шақыру туралы қаулыға қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің аумақтық әскерлерін жасақтау үшін әскери міндеттілер арнаулы жиындарға шақырылсын. Астананың, республикалық маңызы бар қалалардың және облыстардың жергілікті атқарушы органдары Қарулы Күштерінің Бас штабымен келісу бойынша шақырылатын әскери міндеттілердің санын және арнаулы жиындарды өткізу мерзімдерін айқындай отырып, тиісті жергілікті әскери басқару органдары арқылы әскери міндеттілерді арнаулы жиындарға шақыруды жүргізуді ұйымдастырсын және қамтамасыз етіп, осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын», - деп жазылған қаулы мәтінінде.

Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Серіктес жаңалықтары